Батыс Қазақстанда тіркелген жұмыссыздар саны 24,1 пайызға азайды
ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы ақпанның 1-іне дейін жұмыспен қамту органдарына 2285 жұмыссыз тіркелген, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 24,1 пайызға аз,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ауылдық жерде 1704 адам тіркелген, бұл 25,9 пайызға кем. Жұмыссыз 1493 әйел (65,3 пайыз) болса, осының 1048-і - ауыл тұрғындары. Өткен жылғыдан олардың саны 504-ке немесе 25,2 пайызға қысқарды.
Бір айда 1307 адам еңбекке орналасу жөнінде өтініш білдірсе, 1113-і қоғамдық жұмысқа қатысты, бұл өткен жылғы қаңтардағыдан 48,6 пайызға көп.