13:13, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда төменгі өмір сүру деңгейі тамызда 5,3 пайызға өсті
ОРАЛ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында орта есеппен жан басына шаққанда, негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша төменгі өмір сүру деңгейі тамызда алдыңғы аймен салыстырғанда - 5,3, өткен жылғы тамыздан 6,2 пайызға өсті.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну қоржыны биылғы қаңтарда 6848 теңге, шілдеде 7970 теңге болса, тамызда 8396 теңгеге жетті. Азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызмет бойынша бұл көрсеткіштер сәйкесінше 4566 теңге, 5313 теңге және 5597 теңгені құрады. Жалпы тұтыну қоржыны қаңтарда 11414 теңге, шілдеде 13283 теңге болса, тамызда 13993 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бірінші тоқсанда - 11701 теңге, екінші тоқсанда 12837 теңге болған еді.