Батыс Қазақстанда тұмауға қарсы кемінде 23 мың адам егілмек

ОРАЛ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл тұмаудың алдын алу мақсатында бюджет есебінен 23 мың вакцина сатып алынды.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл мақсатқа 16 млн. теңге бөлінген. Әдеттегідей жүкті әйелдер, жиі ауыратын балалар, жетімдер, жасы ұлғайған адамдар, медицина қызметкерлері тегін егіледі. Елімізде франциялық Ваксигрипп пен голландиялық Инфлювакты егуге рұқсат етілген. Бұл дәрілердің тиімділігі жоғары, 2 мың теңге шамасында тұрады.

Санэпидемиологтар күз, қыс айларында өршитін тұмаудың биыл да өткен жылдағыдай А және В түрлері белең алуы мүмкін екендігін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар