18:20, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 8,9 млрд. теңге жұмсалды
ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы тұрғын үй құрылысына 8,9 млрд. теңге жұмсалды, бұл – инвестицияның 4 пайызы,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Жыл ішінде өңірде жалпы аумағы 218,7 мың шаршы метр 2195 пәтер пайдалануға берілсе, осының 62,6 пайызы тұрғындар есебінен салынды. Ауылдық жерде жалпы көлемі 41,6 мың шаршы метр үй бой көтерді. Республикалық бюджет есебінен 42,6 мың шаршы метр 537 пәтер, соның ішінде 3,4 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда іске қосылған тұрғын үй көлемі Теректі ауданында ? 3,3, Ақжайықта ? 2,7, Тасқалада ? 1,9, Зеленовта ? 1,6, Жәнібекте ? 1,5, Сырымда ? 1,4 есеге, Бөрліде 3,3 пайызға өсті.