Батыс Қазақстанда тұрғын үйлерде өрт оқиғалары көбейіп отыр

ОРАЛ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйлерде өрт оқиғалары көбейіп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Жарқын Фазыловтың айтуынша, өткен жылы өңірде болған 849 өрттің 660-сы тұрғын үйлердің үлесінде. Осыған байланысты қаңтар-ақпан айлары тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін тексеру айлығы болып жарияланды. Осы кезге дейін екі мыңнан астам жеке үй тексерілді. Бір ғана желтоқсан айында облыста 50 өрт тіркелді, бұл ? соңғы үш жылда болмаған жағдай. Әрбір оныншы өрт пеш ақауына байланысты болып отыр. Бұған өңірде пеш салатын мамандардың жетіспеуі де себеп. Сондай-ақ электр желілері мен құрал-жабдықтарының ақауынан болатын өрттер де азаяр емес.
Соңғы жаңалықтар