Батыс Қазақстанда түрлі нысандар құрылысына 19 млрд. теңге бөлініп отыр

ОРАЛ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қаржы есебінен білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт нысандарын салу мен қайта құруға, тұрғын үй құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, сумен қамту, газдандыру және автомобиль жолдарын реттеуге 19 миллиардтай теңге бөлінді.
None
None

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жыл аяғына дейін 204,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде. 9 елді мекенге газ тарту жұмысы жалғасуда. Биыл тоғыз сумен қамту нысаны аяқталса, үшеуін бітіру алдағы жылға қалады.

Жергілікті бюджет есебінен Оралда кәріздік тазарту құрылымдарын қайта құрудың бірінші кезеңі жалғасады.

Орал қаласында 1200 орындық орта мектеп, Бөрлі ауданының Қызылтал ауылында 320 орындық, Бөкей ордасының Сайқынында 290 орындық балабақша құрылысы аяқталатын болса, Жәнібектің Қамыстысында 300 орындық мектеп құрылысы басталады.

Денсаулық сақтау саласында республикалық бюджет есебінен Ақсай қаласында ауысымына 500 адамды қабылдайтын, Жаңақала ауданы орталығында 250 адамдық, Оралға қарасты Зачаган кентінде 250 адамдық үш емхана салына бастамақ. Республикалық бюджет есебінен сондай-ақ бес білім беру, үш денсаулық нысаны күрделі жөнделмек. Осындай қаржыға алты коммуналдық шаруашылық, бес қалалық сумен қамту, сегіз инженерлік инфрақұрылым нысаны салынбақ немесе қайта реттелмек.

Соңғы жаңалықтар