Батыс Қазақстанда ҰБТ тоғыз тестілеу пунктінде өткізілмек

ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ҰБТ биыл да жылдағыдай тоғыз тестілеу пунктінде өткізілмек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білімді дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, ҰБТ Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым ауданы орталықтары мен М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да орналасқан тестілеу орталықтарында болмақшы. Барлық тестілеу пункттері бойынша ҰБТ-ны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрылып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. Қазір ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Биылғы басты жаңалық ? тестіге берілетін 180 минутқа тағы 30 минут қосылып отыр. Сондай-ақ тестілеу орталығы мен жергілікті оқу орындары арасындағы байланыс сапасын жақсарту, ақпарат алмасу жылдамдығын арттыру үшін министрлік жаңа жер серігінің көмегіне жүгінбек. Сынақтан кейін туындайтын даулы мәселелер бойынша жұмыс жасайтын апелляциялық комиссияның арыз қабылдау уақыты да бір тәулікке ұзартылды. Сонымен бірге соңғы жылдары тестілеу кезінде түлектер тарапынан ұялы телефон, калькуляторды пайдалану кең етек алғаны мәлім. Биыл бұған жол берілмейді. Сынаққа қатысатын әр бала әуелі металл іздегішпен мұқият тексеруден өтеді. Оған қосымша құқық қорғау органдары да бұл үдеріске қатысады.
Соңғы жаңалықтар