Батыс Қазақстанда үздік спортшылар марапатталды

ОРАЛ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында спорт саласындағы үздік спортшылар марапатталды.

Батыс Қазақстанда үздік спортшылар марапатталды

Спортшыларды жаңажылдық мерекемен облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен құттықтап, алдағы жылы да тың табыстарға қол жеткізуге тілектестігін білдірді. Атақты балуан,  Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Даниял Гаджиев, жастар арасында еркін күрестен ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық додаларда топ жарып жүрген Екатерина Ларионова, жасөспірімдерден дзюдошы Темірлан Көлбаев жылдың үздік спортшылары атанды.

Сонымен қатар ойын түрлері,  туризм саласы бойынша үздіктер, спорт тақырыбына қалам тартып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де құрмет көрсетілді.