Батыс Қазақстанда заңсыз киік аулаған қос «аңшы» ұсталды

ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - «Охотзоопром» аймақтық мемлекеттік инспекциясының инспекторлары БҚО ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Қазталов ауданының Сарықұдық ауылынан сегіз шақырым қашықтықтағы жерден қарда жүргіш «POLARIS» маркілі техникамен заңсыз киік аулап жүрген Жалпактал ауылының екі тұрғынын ұстады.

Батыс Қазақстанда заңсыз киік аулаған қос «аңшы» ұсталды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында бұл азаматтардан ИЖ-43 маркілі аңшы мылтығы, 32 дана оқ-дәрі, 1 дана қол арасы, 1 пышақ, 32 дана киік мүйізі тәркіленді. Оқиға болған жерді тексеру барысында сондай-ақ мүйізі кесілген киіктің төшкесі табылды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 288-бабы 3-тармағы бойынша, яғни заңсыз аңшылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ұсталған азаматтар қазіргі уақытта Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі уақытша оқшаулау изоляторына ҚР ҚІЖК-нің 132-бабына сәйкес қамауға алынды.

Заңсыз киік аулаушылардың кесірінен табиғатқа 5, млн. теңге шығын келген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай қылмыс өткен жылы да орын алған. Алайда осылардың ішіндегі ең ірісі - биылғы қылмыс.