Батыс Қазақстанда зейнеткерлердің ақшасын қайтармай, сот шешімін қасақана орындамаған азамат сотталып тынды

ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жәнібек аудандық прокуратурасы сот актілерінің орындалуын тексеру барысында сот шешімін қасақана орындамаған Б.Ниязалиевтің үстінен ҚР ҚК 362-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған азамат төрт бірдей зейнеткердің малын Атырау қаласында өткізуге алып, ақшаларын қайтармаған. Сөйтіп оларға 1 миллионнан астам теңге көлемінде залал келтірген. Сот шешімін орындамай, бой тасалаған оған бірнеше рет іздеу де жарияланған.

Жәнібек аудандық соты Б.Ниязалиевті айыпты деп тауып, 180 сағат қоғамдық жұмыс жасауға мәжбүрледі. Сондай-ақ одан жәбірленушілер пайдасына бережағы ішінара 230 мың теңге өндіріліп алынды.

Соңғы жаңалықтар