Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда «Жасампаз 20 жыл» атты журналистер байқауы жарияланды

ОРАЛ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы мен «Жайық Пресс» ЖШС ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жасампаз 20 жыл» атты журналистер байқауын ұйымдастырып отыр.

Батыс Қазақстанда «Жасампаз 20 жыл» атты журналистер байқауы жарияланды

Елбасы Жолдауын, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру жолында мемлекеттік мекемелер мен ондағы қызметкерлердің жұмысын, ел егемендігін нығайтуға ерекше үлес қосқан отандастардың жарқын бейнесін көрсету мақсатында өткізілетін байқауға өңірдегі БАҚ журналистері мен штаттан тыс тілшілер қатыса алады. Жүлде қоры қомақты. Бірінші сыйлық - 100 мың теңге, екінші сыйлық екеу, 75 мың теңгеден, үшінші сыйлық үшеу, 50 мың теңгеден. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да бар.

Байқау Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында, облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің туған күні 17 қарашада қорытындыланады.