17:40, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жастар арасында жыл үздіктері анықталды
ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жастар арасында жыл үздіктері анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашев республикадағы ең үздік жастар ұйымы атанған «Облыстық жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Мерболат Нұржановқа, сондай-ақ елдегі ең жас үздік спортшы аталымын жеңіп алған самбодан екі мәрте әлем чемпионы Ерболат Байбатыровқа «Жыл үздігі - 2009» дипломы мен төсбелгісін табыс етті.
Өңірде түрлі аталымдар бойынша үздік шыққандар да марапатталды.