Батыс Қазақстанда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 173,8 пайызға орындалды

ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасы» аясында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 173,8 пайызға орындалды.
None
None

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осы мақсатқа республикалық бюджеттен 127,951 млн. теңге бөлініп, ол толықтай игерілді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін 662 ұйыммен келісімшарт жасалып, 1422 адамды жіберу жоспарланса, іс жүзінде жұмыс тәжірибесімен қамтылғандардың саны 2471-ге жетті. Сөйтіп жоспар 173,8 пайызға орындалды.

Соңғы жаңалықтар