Батыс Қазақстанда жауған бұршақ туралы синоптиктер айтып берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары Батыс Қазақстанда жауған бұршақ туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бұршақ 1 сағаттың ішінде жауғанына байланысты (кешкі 17:00- 18:00) биіктігі кей жерлерде 9-10 сантиметрге жетті. Бұл қар жауғандай әсер қалдырды. Дариян елді мекеніндегі агрометеорологиялық бекетте 11 шілдеде 99,6 мм жауын-шашын түскен», - деді синоптиктер.

Мамандар жаз мезгілінде бұршақ жаууы қалыпты құбылыс деп санайды. Статистика бойынша 15 найзағайлы нөсердің арты бұршаққа ұласады.

Табиғат құбылысы суық атмосфера ағындарының өтуіне байланысты.

«11 шілдеде Батыс Қазақстан облысында барий қысымы өте жоғары болды. Ту сыртындағы Кар теңізінен суық және ылғал ауа келді. Бұл өз кезегінде суық арктикалық ауа ағындарының ықпалын жеделдетті. БҚО үстінен ауа ағынының жеке циклоны - төмен қысымды аумақ қалыптасты.  Салдарынан ылғал ауа жоғары көтеріліп, атмосферада суы буы конденсацияланып ірі жауынды бұлттар пайда болды. Бұлттар 9-10 шақырымға көтерілген кезде үстіңгі бөлігінде су тамшылары мұзға айналған. Сөйтіп, олар жер бетіне жоғары жылдамдықпен еріп үлгерместен түскен», - деді мамандар.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін Орал қаласынан 20 шақырым қашықтықта Дариян ауылында күтпеген жерден қатты бұршақ жауған болатын. Кей жерлерде бұршақ диаметрі 8 мм болса, кейбір жерлерде 2 см-ге жетті. 
Сондай-ақ, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Досжановтың айтуынша, қазіргі уақытта бұршақтан келген шығын көлемі есептелуде.

Соңғы жаңалықтар