13:34, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жүз жасаған әжеге құрмет көрсетілді
ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында тұратын, жүз жасқа толған Жұмагүл Абдулкаримоваға құрмет көрсетілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Абай Иманғалиев кейуанаға құттықтау хатын жолдаса, ауыл, мектеп басшылары, ақсақалдар кеңесі иығына шапан жауып, бағалы сыйлық табыс етті.
Бұрын осы ауылда ғасыр жасаған ешкім болмаған еді. Жұмагүл әжей өзін елеген ел азаматтарына шын көңілден алғысын айтты.