Батыс Қазақстанда жыл аяғында балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту 68,4 пайызға жетпек

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жыл аяғында балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту 68,4 пайызға жетпек,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Қазіргі кезде облыс бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен орта қамту - 54,2 пайыз немесе 16527 бала, республикалық көрсеткіш - 36,5  пайыз. 2008 жылы бұл көрсеткіш өңірде 51,5 пайыз, 2007 жылы 42,9 пайыз болған еді. 

Жыл соңында облыс бойынша 351 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасайтын болады, оның 125-і - балабақша, 36-ысы - «мектеп-балабақша» кешені, 190-ы - шағын орталықтар.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «жыл сайын мектепке дейінгі ұйымдар желісін 10 пайызға  көбейтіп тұру» тапсырмасы орындалып келеді. Биыл Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында 140 орындық, Орал қаласында 240 орындық және 280 орындық екі балабақша кішкентай бүлдіршіндерге есіктерін айқара ашты. Жыл аяғына дейін Оралға қарасты Зашаған кентінде 280 орындық балабақша іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар