Батыс Қазақстанда жылыжай құрылысы салынуда

ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Oral of Sveden» ЖШС қазақстандық-шведтік бірлескен кәсіпорны жобалық құны 9 млн. еуроны құрайтын жылыжай құрылысын жүргізуде, алты гектар аумақты алатын жылыжай жылына 2,5-3 мың тонна көкөніс өсірмек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жер телімі Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округінен бөлінген. Қазіргі кезде жылыжайдың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатса, наурыз айының аяғына дейін инженерлік коммуникация желісі тартылмақ. Жылыжай кешеніне қажетті құрал-жабдық тапсырысы 80 пайызға орындалған. Жылыжайда жұмыс жасайтын төрт адамды Швецияға үш айлық оқуға жіберу ойластырылып отыр. Құрылыс, құрал-жабдықты қондыру жұмыстары мамырда аяқталмақ. Жылыжайдан 60 метр қашықтықта салынып жатқан газ турбиналы электр стансасы да осы айда салынып бітпек. Сонда жылыжай кешені жылу қуатымен де қамтамасыз етілетін болады.
Соңғы жаңалықтар