Батыс Қазақстанның Қарағай және Алғабас ауылдарының тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізілді

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданындағы Қарағай және Алғабас ауылдарының тұрғындарына кеше, 18 сәуірде азық-түліктер және гуманитарлық көмек жеткізілді.

Батыс Қазақстанның Қарағай және  Алғабас  ауылдарының тұрғындарына гуманитарлық көмек  жеткізілді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өңірдегі судың жағдайын бағалау және халыққа көмек көрсету үшін ауданға авиакөлікпен Солтүстік және Орталық аэромобилді жедел-құтқарушы жасақтарының 20 құтқарушысы келді.