Батыс Қазақстанның Мереке ауылындағы карантин алынды

АСТАНА. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанның Тасқала ауданындағы Мереке ауылында аудандық әкімдік ақпанның 5-інде енгізген карантин алынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданның ветеринарлық-санитардық қызметі ақпанның 4-інде осындағы жеке шаруа қожалықтарының бірінде ірі қара малдан қарасан ауруын анықтаған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, ауылдағы 1500 бас ірі қара малға егу жұмыстары жүргізілді. Аурудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ, профилактикалық шаралар аяқталды. Облыстың Казталовка ауданындағы Талдыапан селолық округінің Байбоз ауылында карантин сақталып отыр. Аудандық ветеринарлық-санитарлық қызмет бұл ауылда ақпанның 18-і күні екі ірі қара малдан қарасан ауруын анықтады.
Соңғы жаңалықтар