Батыс Қазақстанның су ресурстарын ысырапшылдықпен пайдалану мәселесі Жайық-Каспий кеңесінде талқылануда
АТЫРАУ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Жайық-Каспий бассейндік кеңесінің отырысы болып өтті.
Оған Батыс Қазақстандағы төрт облыстың мамандары қатысты.
Басқосуда әңгіме барлық облыстардағы ауыл шаруашылығы дақылдарын, өнеркәсіпті, энергетиканы, ең бастысы - қоршаған табиғат ортасын сақтай отырып аймақтағы суды пайдалануды қайткенде тиімді етуге болатыны жөнінде өрбіді. Бұл жердегі негізгі проблема - аймақтың су тапшылығы өңіріне жататындығында. Кеңесте Бірлесіп басқару және су ресурстарын қорғау бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Жайық-Каспий бассейндік кеңесі бұдан екі жыл бұрын құрылған болатын. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, ірі су пайдаланушылардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енеді.