17:11, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанның Зеленов ауданында шағын кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді
ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстанның Зеленов ауданында шағын кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне аудан әкімі Ғайса Қапақов мәлім етті.
Әкімнің айтуынша, өткен жылы ғана шағын бизнес нысандары 7,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті. Бір жылда 144 тұрғын жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Қазіргі кезде 40 шағын цех, 778 сауда және қызмет көрсету нысаны өнікті жұмыс жасап тұр. Жыл ішінде 264 жобаға 427 млн. теңге несие берілді.