Батыс, солтүстік және шығыста - қатты жел соғады, оңтүстік өңірлерде қатты ысиды
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжауы бойынша батыс, солтүстік, шығыс аймақтарда қатты жел соғады, оңтүстік өңірлерде күннің ысуы сақталады,
деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Күндіз, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстк Қазақстан облыстарында түнде Шығыс Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады деп күтілуде.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт болу қаупі сақталып отыр.
Атырау, Ақтқбе, Маңғыстау, Қызылодар, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында күн әлі де ыстық болады.