Батысқазақстандық ардагер Елбасының арнайы құттықтауын алды

ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Магниткасын іске қосуға атсалысқан металлург, Қазақстан білім беру саласының үздігі Темірболат Құбашевты 70 жасқа толуына орай қабылдап, сый-сияпат көрсетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезінде қатар жүрген жолдастарын ұмытпайтынын, ардагердің мерейтойына байланысты құттықтау хатын табыс етуді өзіне жүктегенін айтты. Т. Құбашев отыз жыл бойы Орал педагогикалық институтында ұстаздық етіп, кейін облыстық туризм және спорт басқармасының спорт кешеніне басшылық жасады. «Жас кезімде Магниткаға комсомолдық жолдамамен бардық, Нұрсұлтан Әбішұлымен дос болып, қатар жүрдік. Бүгінде мен оның тілекшісімін. Елбасына рахмет. Елімізде тыныштық болсын, өркениетті елу елдің қатарына жетейік», деді ардагер.
Соңғы жаңалықтар