Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батысқазақстандық археологтар бір ғана ауданнан тоқсаннан астам олжа тапты

ОРАЛ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының қызметкерлері облыстың Жәнібек ауданынан тоқсаннан астам олжа тапты,

Батысқазақстандық археологтар бір ғана ауданнан тоқсаннан астам олжа тапты

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын археологтар Бөрлі ауданының Қырықоба қорғанын, Орал қаласы түбіндегі ортағасырлық Жайық қалашығын, жалпы облыстың солтүстік өңірін зерттеумен айналысса, соңғы кезде оңтүстік аудандарға назар аударылып отыр.

Орталық директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сыдықовтың айтуынша, соңғы үш жылда Жаңақаладан «Өзен», Қазталов аумағынан тағы бір көне қалашықтың орны табылған еді. Бұлар ХІІІ-ХІV ғасырларға жатады. Енді Жәнібектен де көп нәрседен хабар беретін ежелгі бұйымдар шығып отыр. Алдағы уақытта Қаратөбе, Сырым аудандары да зерттелетін болады.