17:38, 11 Шілде 2016 | GMT +5
                                        Батысқазақстандық балуан кадеттер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды (ФОТО)
                                                ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының шәкірті Дәулет Ларионов Қытайдың Тайчунг қаласында грек-рим күресінен кадеттер арасында өткен Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті.
                                        
                                        
                                     
                                              Аталмыш мектеп-интернаттан түскен мәліметке қарағанда, Дәулет 63 келі салмақта күміс жүлдені жеңіп алды.
Айта кетейік, қазірдің өзінде көптеген жарыстарда олжа салып жүрген Дәулет - әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, алдағы айда Рио-де-Жанейро олимпиадасында 63 келі салмақта ел намысын қорғайтын Екатерина Ларионованың туған інісі.