Батысқазақстандық балуан қыз ІІІ Еуразия спорттық ойындарына қатысады

ОРАЛ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Облыстық спортқа дарынды балалар мектеп-интернатында оқитын Татьяна Тарабрина қыркүйек айында өтетін ІІІ Еуразия спорттық ойындарына қатысады.
None
None

Балғын балуан қыз жақында Қарағандыда мәреге жеткен белгілі қайраткер, елдің спорт комитеті мен ұлттық олимпиада комитетін отыз жылдай басқарған Аманша Ақпаевты еске алуға арналған жастар арасындағы еркін күрестен VІІІ республикалық турнирде топ жарды. Ол 57 келі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түсіп, Қазақстан құрамасына қабылданды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін балуанды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амангелді Мұсабеков пен Мұсабек Нәрегеев баптап келеді.

Соңғы жаңалықтар