Батысқазақстандық бір топ ардагер Астанаға барып қайтпақ
ОРАЛ. 7 маусым. ҚазАқпарат - 7 маусым күні Зеленов ауданының әкімі Марат Оңғарбеков бір топ ардагерлермен жүздесті.
Еңбек ардагерлеріне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен түрлі салада атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндаған аудан басшысы 11 ардагерге Астанаға сапарлауға жолдама ұсынды.
Астанаға баратын ардагерлер арасында Майдан Жұбандықов, Анатолий Белинский, Мария Рычкова, Тілеш Нұрмұқанов, Қазиза Әдиетова, Хамит Ерғалиев, Николай Анцепрович, Жеткен Рахматуллин, Құмарғали Ғұбайдоллаұлы, Сүйеніш Ақсалов, Болат Абдулхалықов сынды елге еңбегі сіңген ардагерлер бар.
Ардагерлер сапары барысында Тұңғыш Президент музейі, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Атамекен» этно-мемориалдық кешені, Назарбаев университеті сынды бірқатар мәдени орталықтарды араламақ.