Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батысқазақстандық домбырашы Е.Нәбиевтің күйтабағы жарыққа шықты

ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының қызметкері, күйші, республикалық «Үкілі домбыра» байқауының екі дүркін лауреаты Едіге Нәбиевтің тұңғыш жеке «Нарын сазы» атты СD күйтабағы жарыққа шықты.

Батысқазақстандық домбырашы Е.Нәбиевтің күйтабағы жарыққа шықты

Күйтабаққа Едіге Нәбиевтің орындауындағы Құрманғазы, Махамбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Абыл, Қауен және басқа дүлдүл күйшілердің 20 шығармасы жазылған. Күй жинағы облыстық қазақ драма театрының қолдауымен жарық көріп отыр.

Едіге Нәбиевтің дәулескер күйші ғана емес, домбыра жасаудың да нағыз шебері екені облыс жұртшылығына мәлім. Ол 2005 және 2008 жылдары екі рет домбыра жасаушы әрі күйшілердің республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған болатын.