15:35, 26 Тамыз 2015 | GMT +5
Батысқазақстандық ескекші олимпиада жолдамасын иеленді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық ескекші, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Андрей Ергучев Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада жолдамасын иеленді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, А.Ергучев жуырда Италияның Милан қаласында байдарка мен каноэдан өткен әлем чемпионатында 1 мың метрлік қашықтықта қазақстандық төрттік құрамында 11-ші орынды еншіледі. Бұл оған олимпиадаға қатысуға мүмкіндік береді.