Батысқазақстандық ескекші олимпиада жолдамасына ие болды
ОРАЛ. 21 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Байдарка мен каноэдан Азия чемпионатында батысқазақстандық ескекші Алексей Дергунов олимпиада жолдамасына ие болды.
Тегеран қаласында өткен біріншілікте Орал қаласындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі А.Дергунов байдаркада екеулеп ескек есуден осы мектепте тәрбиеленіп шыққан, қазір Шымкентте тұратын Евгений Алексеевпен бірге Лондон олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін нәтиже көрсетті.
А.Дергунов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі мәрте Азия чемпионы, 2008 жылы Бейжің олимпиадасына қатысқан.