Батысқазақстандық ғалым ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды
ОРАЛ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш академия президенті, педагогика ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асқарбек Құсайынов академия сессиясында Абат Сатыбайұлы зерттеулерінің өзекті екендігін атап көрсетіп, «ҚПҒА-ның хабаршысы» басылымынан шешендіктану ғылымы жөнінде арнайы айдар ашу туралы ұсыныс жасады.