Батысқазақстандық халықтық ұжымдар жетекшілері кәсіби өнер ордаларында арнайы тәжірибеден өтетін болады

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық халықтық ұжымдар жетекшілері кәсіби өнер ордаларында арнайы тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін жетілдіретін болады.
None
None
Бұл туралы Қазталов ауданында өткен, мәдениет қызметкерлері бас қосқан облыстық семинар-кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазіргі кезде өңірде 39 халықтық өнер ұжымы болса, соның төртеуі Қазталов ауданында. Соның ішінде халықтық атағын алғашқылардың қатарында 1959 жылы алған М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал театры өз биігінен түсе қойған жоқ. Дегенмен аудандардағы мұндай ұжымдардың материалдық-техникалық базасын, қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру қажет-ақ. Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Гүлсім Қадешеваның сөзіне қарағанда, енді кестеге сәйкес халықтық театрлар басшылары облыстық театрда, оркестр жетекшілері Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда, хореографтар М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мәдениет және өнер институтында біліктіліктерін көтеретін болады.
Соңғы жаңалықтар