Батысқазақстандық имамның жаңа кітабы жарық көрді

ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбековтің «Иман негіздері» атты кітабы жарық көрді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылы қажылық парызын өтеп қайтқан имамның бұдан бұрын «Ислам тарихы», «Ислам әдебі» оқу құралдары шыққан болатын. 3 мың данамен Алматыдағы «Көкжиек» баспасынан басылған жаңа кітапта тәухид сенімі, ақиданың маңызы, күпірліктің түрлері және басқа діни ұғымдар туралы дәлелді жазылған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған, он бөлімнен тұратын кітап иман негіздерін ауқымды қамтумен бірге араб, түрік тілдеріндегі деректерді мол пайдалануымен де құнды.
Соңғы жаңалықтар