Батысқазақстандық кітапхана директоры А.Байтұрсынов атындағы қола медальмен марапатталды

ОРАЛ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Оқу үдерісін жаңа буын әдебиеттерімен қамтамасыз етудегі, кітап қорын толықтырудағы және жаңартудағы нәтижелі еңбегі үшін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми кітапханасының директоры Айгүл Есенаманова ҚР ЖОО қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы қола медалімен марапатталды.
None
None

А.Есенаманованың айтуынша, бір миллион данадан астам кітап қоры, локальдық компьютерлік жүйемен қамтылған 3 оқу залы, 2 электронды ақпараттар залы, 3 абонементі, ғылыми-библиографиялық, әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу бөлімдері бар ғылыми кітапхана соңғы үш жылдан бері ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Қазақстан бойынша қауымдастыққа мүше 84 жоғары оқу орнының ішінде батысқазақстандық электрондық кітапхана республика бойынша электрондық базасының сапалылығы жөнінен бесінші орында.

Тәжірибелі маман, білікті басшы Айгүл Базарқызының университет кітапханасындағы еңбек өтілі биыл жиырма жылға толып отыр. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кітапханасында оқу залының, әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі болып қызметін бастаған ол бес жылдан бері директор қызметін атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар