Батысқазақстандық мемлекеттік мекемелер басшылары «Өзіңнен баста» іс-шарасын жалғастыруда

ОРАЛ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП мен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бірлесіп қолға алған «Сенің жемқорлыққа қарсылығың маңызды!» атты іс-шара барысында батысқазақстандық мемлекеттік мекемелер басшылары өз табыстарын жариялауды жалғастыруда,

Батысқазақстандық мемлекеттік мекемелер басшылары «Өзіңнен баста» іс-шарасын жалғастыруда

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзінен бастағандардың» бірі, БҚО тілдерді дамыту басқармасының бастығы Махамбет Ихсанғалидың мәлімдеуінше, оның үш бөлмелі қызметтік пәтері бар. Айлық жалақысы - 143 мың теңге. Басқа жылжымайтын мүлкі жоқ.

БҚО статистика департаментінің бастығы Абай Хамзиннің төрт бөлмелі үйі, саяжайы бар. Айлық жалақысы - 145 мың теңге. Осы департамент бастығының орынбасары Болтай Әлімбаеваның екі бөлмелі пәтері бар, жалақысы - 130 мың теңге. Тағы бір орынбасар Аманжан Жұмановтың та «көрсеткіші» дәл осындай.