Батысқазақстандық «нұротандықтар» ең үздік бұқаралық ақпарат құралына байқау жариялады

ОРАЛ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы биылғы ақпаннан желтоқсанның 1-іне дейін аудандық БАҚ арасында «Ең үздік бұқаралық ақпарат құралы» байқауын жариялады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірдегі «Нұр Отан» филиалдары, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру және белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға арнайы құрылған қазылар алқасы төрағалық етеді. Материалдар желтоқсанның 1-іне дейін тапсырылып, байқау талаптарына сәйкес сұрыпталып, 19-ында қорытындысы шығарылады. Жеңімпаз БАҚ дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады.
Соңғы жаңалықтар