Батысқазақстандық оқушы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телесайысына қатысып қайтты
ОРАЛ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 7-сынып оқушысы Мерей Сатыбалдиев Алматы қаласында «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телесайысына қатысып қайтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іріктеу турларынан сәтті өткен Мерей апталық ойынның жеңімпазы атанып, алғырлығы мен үздік білімі үшін арнайы дипломмен марапатталды.
М.Сатыбалдиев мектепте үздік оқиды. Сынып жетекшісі Шара Тілеужанова оның болашағынан үлкен үміт күтеді.