Батысқазақстандық оқушылар республикалық ғылыми жобалар жарысынан олжалы оралды

ОРАЛ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық оқушылар Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар жарысынан олжалы оралды,

Батысқазақстандық оқушылар республикалық ғылыми жобалар жарысынан олжалы оралды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушысы Дәурен Сағынғалиев бірінші дәрежелі дипломмен марапатталса, Зеленов ауданы Переметный орта мектебінің шәкірті Майя Кашапова екінші орынды еншіледі. Олардың екеуі де болашақта ЖОО-ға түсуге мүмкіндік беретін грантты иеленді. Дәурен Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Мемлекеттік думаға екі рет депутат болып сайланған Бақтыгерей Құлмановты зерттесе, Майя саяси қуғын-сүргінге ұшыраған неміс халқының тағдырын елеп-екшеген. Аталмыш сайысқа БҚО-дан барлығы бес оқушы қатысты.