Батысқазақстандық өнертапқыш ғалымдар республикалық байқауда жеңімпаз атанды

ОРАЛ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласында қорытындыланған өнертапқыштық саладағы жетістіктердің «Шапағат - 2013» республикалық байқауында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғалымдары да марапатталды.
None
None

Аталмыш университеттен Айгүл Ахметованың хабарлағанындай, ЖОО ғалымдарының «Көбікті шыны дайындау тәсілі» атты ғылыми жобасы «Жылдың ең үздік өнертабысы» аталымы бойынша үздік шығып, оларға арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етілді.

Елдің индустриалды-экономикалық дамуында өнертапқыштық қызметтің ролін арттыру, сонымен қатар аталған салаға инвестиция тартуға көмектесу және өндірістік секторға болашағы бар даярланымдарды енгізу мақсатында оныншы мәрте өткізілген дәстүрлі байқау ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар