07:29, 31 Мамыр 2013 | GMT +5
Батысқазақстандық полицейлер бірнеше рет есірткі сатқан азаматты қолға түсірді
ОРАЛ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық полицейлер облыс орталығында есірткі затын сатумен айналысып жүрген Орал қаласының 29 жасар тұрғынын қолға түсірді.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ол «Променад» сауда үйінің жанында С. есімді азаматқа есірткі затын бірнеше рет сатқан. Сараптама қорытындысына сәйкес аталған зат салмағы 5,15 грамм гашиш екені анықталды. Сондай-ақ тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде оның үйінен жалпы салмағы 0,91 грамм марихуана, 28,28 грамм гашиш есірткі заттары табылса, автокөлігін тексеру кезінде 4,45 грамм гашиш тағы шықты. Барлығы 37,88 грамм гашиш және 0,91 грамм марихуана тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 132-бабы бойынша Орал қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.