13:58, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Батысқазақстандық полицейлер ресейліктер іздестіріп жүрген күдіктіні қолға түсірді
ОРАЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат - БҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасына көршілес Орынбор облыстық ішкі істер басқармасы іздестіріп жүрген күдіктінің Орал қаласында жасырынып жүргені жөнінде хабар түскен.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Орынбор облысының 44 жасар тұрғыны 1991 жылы кісі өлтіріп, тергеуден бой тасалаған.
Жедел іздестіру шаралары барысында батысқазақстандық полицейлер аталған адамды қолға түсірді. Ол Орал қалалық ішкі істер басқармасы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешілуде.