Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батысқазақстандық Р.Өтебалиев жүзуден дүниежүзілік ойындарда алтын медальді жеңіп алды

ОРАЛ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық Руслан Өтебалиев Нидерландының Стадсканал қаласында өтіп жатқан қоларбамен жүретін және ампутант спортшылардың халықаралық қауымдастығының дүниежүзілік ойындарында жүзуден алтын медальді жеңіп алды.

Батысқазақстандық Р.Өтебалиев жүзуден дүниежүзілік ойындарда алтын медальді жеңіп алды
Аталмыш жарысқа әлемнің 35 елінен 500-дей спортшы қатысуда. Қазақстандықтардан 16 адам садақ ату, жеңіл атлетика және жүзуден бақ сынауда. Жарыстың алғашқы күні қазақстандықтар бес алтын, екі күміс, үш қола медальді иеленді. Руслан алдымен 50 метрге еркін жүзуден күміс жүлдені еншілесе, келесі күні 100 метрге шалқалай жүзуден алтын медальге қол жеткізді.