19:22, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Батысқазақстандық сақшылар Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арнайы шара ұйымдастырды
ОРАЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Жылдағы дәстүрмен БҚО ішкі істер департаменті мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі және №5515 әскери бөліммен бірлесе отырып Жеңістің 67 жылдығына орай шара ұйымдастырды.

Департаменттің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, алпыс соғыс және тыл ардагері «Сарбаз ботқасы» атты театрландырылған көрініске шақырылды. Шара Шаған өзені жағасында, табиғат аясында өтті. Мерекелік концерт қойылып, ардагерлер дала асханасында дайындалған сарбаз ботқасынан дәм татты.
Семен Данилин, Ғабделқайыр Қуаншалиев, Минжан Абдрахманов, Клавдия Крылова, Қаби Сәрсенғалиев және басқалар майдан жолдарынан сыр шертіп, шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.