Батысқазақстандық шаруалар жасыл ораққа жан-жақты қамданыспен кіріспек

ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат -  Батысқазақстандық шаруалар жасыл ораққа жан-жақты қамданыспен кіріспек.
None
None

Айталық, Ақжайық ауданында малдың қыстық азығының қорын жасақтауға еңбеккер қауым айқын меже белгілеген. Құрайлысай ауылдық округінде «Арыстан» шаруа қожалығы (жетекшісі А.Қожақ) биылғы шөп шабу науқанына мұқият әзірлік жасауда. Қожалықта 2 дөңгелекті «МТЗ-80» тракторы, тасымалға  2 «ПТС» тіркеме бар. Шөп маялағыш және 1 «КУН» да жұмысқа жарамды. 3 орақты шалғы қосалқы бөлшектерімен әзір тұр. Қосымша үш кісіні жұмысқа алып, қожалық 6000 центнер құнарлы мал азығын дайындауды көздеп отыр. Қазір техникаларды байқаудан өткізуге әзірлеуде. Сондай-ақ «Ғасыр» (жетекшісі А.Сариев), «Медет» (жетекшісі Қ.Елеусізов) шаруа қожалықтары да әзірліктерін аяқтай келді. Бұлардан басқа ауылдық округте жекелерден 36 орақ шықпақ.

- Ауылдық округ бойынша 150 мың центнер мал азығын дайындамақпыз, - дейді округ әкімі Асқар Жұмашев.

Ақсуат ауылдық округіне қарасты «Жамбыл» (жетекшісі Б.Аткеев) және «Ернұр-Ж» (жетекшісі Ж.Сатпаев) шаруа қожалықтары  «Жагөр» қыстағында орналасқан. Олар мал азығын бірігіп дайындайды. 1500 бас жылқы, 560 бас ірі қара және 300 қой-ешкіге шөп қамдау керек. Екі қожалықта 6 дөңгелекті трактор, басқа да құралдары  сапта тұр. Қосымша тұрғындарын жұмысқа тартуда. Өткен жылы қыстаққа 15000 центнер шөп дайындады. Биыл да сол межеден шығамыз деп жоспарлауда. Өрт қауіпсіздігі шаралары алынуда. Ауылдық округ бойынша лизингке 2 «МТЗ-80», 1 шөптайлағыш алынған. 

Бударин ауылдық округінде де «жасыл ораққа» әзірлік жоғарғы деңгейде жүруде. Мұнда 46 трактор мал азығын дайындауға қатыспақ. Шаруа қожалықтары мен жекелерді қосқанда 40 шалғы әзір. 11 шөпмаялағыш, 5 шөптайлағыш, 55 адам 11000 тонна шөп жинап алуды нысана етуде. Бұл - өткен жылғы меженің шамасы.

Өңірде биыл қыс созылып кетіп, кейбір аудандар шөптен қысылыңқырап қалған болатын. Алдағы науқанда осыдан сабақ алынбақшы.

Соңғы жаңалықтар