Батысқазақстандық студент математикадан үздік көрсеткіштерге жетісіп келеді

ОРАЛ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті математика және физика бөлімінің бірінші курс студенті Бағдат Қабасов үздік көрсеткіштерге жетісіп келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Таяуда Түркістандағы Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде математикадан өткен республикалық студенттік олимпиадада БҚМУ командасы жеңімпаз атанса, жекелей есепте Бағдат озық шықты. Олимпиада финалына іріктеу турларында үздік шыққан 14 команда қатысқан болатын. Физика және математика кафедрасының меңгерушісі Ғалия Жүсіпқалиеваның сөзіне қарағанда, республикалық сынға қатысқан батысқазақстандықтардың бәрі де биіктен көріне білді. Ал Бағдат 2005 жылдан бері ерекше көзге түсе бастаған болатын. Мысалы, ол сегізінші сыныпта оқып жүргенде-ақ республикалық оқушылар олимпиадасында математикадан екінші орынды иеленген еді. Бағдат сондай-ақ домбырада күйлер орындайды, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін де меңгерген. Енді ол еліміздегі ең үздік математика пәнінің мұғалімі болуды армандайды.
Соңғы жаңалықтар