Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батысқазақстандық студенттер балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді

ОРАЛ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мәдениет және өнер институтының студенттері облыстық балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді,

Батысқазақстандық студенттер балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мәдени демалысты ұйымдастыратын болашақ мамандар өз өнерлерін көрсетті. Қызыл телпек, Буратино және басқа кейіпкерлердің қатысуымен театрландырылған көрініс қойылып, ол көңілді ойындар, ән-биге ұласты. Шара театр хореография өнері мен кітапханатану кафедрасының оқытушысы Салтанат Аманиязованың бастамасымен өткізілді.