Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы әлем біріншілігіне қатыспақ

ОРАЛ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатынан жеңімпаз болып оралған батысқазақстандық Сайлан Матылов енді әлем біріншілігіне қатыспақ.
None
None

Орал қаласындағы №2 БЖСМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлбану Баекесованың хабарлағанындай, аталмыш бәсеке­ге 13 облыс пен Алматы және Ас­тана қалаларынан таң­даулы 100 спортш­ы қа­тыс­қан. Қатысушы­лар­ды­ң бесеуі халықаралық дәре­жедегі спорт шебері болса, 19-ы - ҚР спорт шебері, әлем және Азия чемпиондары. Бұл сайыс жақында Чехияда өте­тін әлем чемпионаты­на үміт­керлерді іріктеу мақсатын­да өткізілді.

Еліміздің ең мықты то­ғызқұмалақшылары қа­тыс­қан сайыс тартысты өтті. Бірнеше күнге созылған бұл бәсеке нағыз шебе­р ойыншыны анықтап бер­ді. Осы жарыста 4 халықаралық дәрежедегі спорт шеберімен және 4 спорт шеберімен ойнап, бақ та­ластырған №2 БЖСМ-ның тәрбиеленушісі Сайла­н Ма­тылов өзінің мықты спорт­шы екендігін дәлелдеп берді. Сөйтіп ол үздік тоғызқұма­лақ­шы ретінде 13 шілдед­е Че­хияда өтетін әлем чемпио­натына жолдаман­ы ұтып алды. Бұған дейін де об­лыстық және республи­ка­лық жарыстардан жүлделі орындарды иеленіп жүрген дарынды спортшының бұл бәсекеден де табыспен оралатынына сенім мол.

Соңғы жаңалықтар