Батысқазақстандық университет шетелдік компанияларда студенттерді тәжірибеден өткізуді ұдайы қолға алып отыр

ОРАЛ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін әлеуетті жас мамандар қатарын көбейту бағытында Елбасы тапсырмасына сәйкес,
None
None

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп студенттерді шетелдік компанияларда тәжірибеден өткізуді қолға алып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жұмыс осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. Аталмыш басқарманың мәліметіне қарағанда, содан бері 18 кәсіпорын-мекемемен тәжірибеден өткізіп, сыннан өткендерін жұмысқа алу жөнінде келісім жасалған. Мәселен, Қарашығанақты игеріп жатқан «ҚПО б.в» компаниясы екі жыл ішінде 201 студентті сыннан өткізіп, 57-сін жұмысқа қабылдаса, 27 жасты мұнай саласын игеру қызметіне баулуды мойнына алған. «Батыс Қазақстан қуат сервис» компаниясы тәжірибе кезінде өздерін көрсете білген 10 түлекті жұмысқа қалдырса, «Амек» ЖШС 34 студентті сыннан өткізуде.

Қарашаның 25-де ірі кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен осы мәселеге арналған кеңес болып, студенттерді тәжірибеден өткізуге іріктеу жүргізілді. Бұл ретте үздік оқитын, тәртіпті студенттер бірінші кезекте алынады.

Соңғы жаңалықтар