Батысқазақстандық университет су тасқынынан зардап шеккендер қорына 1,1 млн. астам теңге аудармақ
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қызметкерлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер қорына бір күндік жалақыларын аудармақ.
Университеттен түскен мәліметке қарағанда, қаржы көлемі 1,1 млн. теңгеден асады. Сонымен қатар оқу орнында гуманитарлық көмек көрсету үшін киім-кешек, гигиеналық және басқа да қажетті заттарды қабылдау пункті ұйымдастырылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімдігі бастаған мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ өзге де ұйымдар мен кәсіпорындар бір күндік жалақыларын аударған болатын.