Батысқазақстандық Ж.Мусина Қызылордада өткен айтыстан екінші жүлдемен оралды
ОРАЛ. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына арналған «Тұлға. Қайраткер. Темірқазық» атты ақындар айтысында батысқазақстандық Жансая Мусина екінші жүлдені еншіледі.
Аталмыш ақындар айтысы аймақтық деп аталғанымен, оған Алматы, Астана қалаларынан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және басқа облыстардан барлығы 18 ақын қатысып, бақ сынады. Бас жүлде мен бірінші орын қызылордалықтар Мұхтар Ниязов пен Нұрмат Мансұровқа берілді. Батыс Қазақстан облысынан барған тағы бір ақын Эльдар Иқсанов ынталандыру сыйлығына ие болды.